«DIMASH DOSTAR» ФАНТОПТЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. «DIMASH&DOSTAR» фантобы – ерікті мүшелігі бар қоғамдық, бейкоммерциялық және үкіметтік емес ерікті мүліктік жарна негізінде азаматтармен бекітілген ұйым.
Фантоптың жұмысында келген кірісті топ мүшелері арасында өздеріне пайда ретінде бөліп алу мақсаты көзделмейді. Фантоптың жасаған істерінің нәтижесінде келген барлық кіріс жарғылық мақсаттарды іске асыруға жұмсалады.

2. «DIMASH&DOSTAR» ФАНТОПТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

2.1  Әртістің өнерін дәріптеу
2.2  Әртістің жанкүйерлерімен тілдесуді және ақпарат алмасуды ұйымдастыру
2.3  Әртістің өнеріне қолдау көрсету ретінде әртүрлі хит-парадтар мен премияларда дауыс беруді ұйымдастыру
2.4  Фантоптың мүшелерінің кездесуін, байқаулар, көрмелер, аукциондар мен лотерей ойындарын ұйымдастыру
2.5  Әртістің өнер көрсетуіне бірігіп баруға дайындықты ұйымдастыру
2.6  Фантоп мүшелерін Әртіспен ресми кездесуін ұйымдастыру
2.7  Әртістің атынан қайырымдылық пен басқа да іс-шараларды өткізу
2.8  Әртістің өнерін қолдайтын жаңа жанкүйерлерді фантопқа тарту
2.9  Әртістің ар-намысына тиетіндей,  моральдық және материалдық тұрғыда залал келтіретін әрекеттерді фантоп өзінің шамасына қарай болдырмау
2.10  Әртістің өнерін қолдау және дәріптеу үшін фантоп басқа фантоптармен тығыз байланыста болу

3. ФАНТОПҚА ҚОСЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

3.1  Фантоптың мүшесі болу үшін жанкүйердің жасы 18-ге толу керек

3.2  Жанкүйер біздің ресми сайтымыздағы сауалнаманы толтырып, фантопқа қосылуға сұраныс жіберуі керек. Сауалнаманы толтыра отыра, жанкүйер көрсетілген жеке мәліметтердің растығына және фантоптың жарлығын сақтауға дайын екеніне кепіл береді. Фантоптың жетекшілігі үміткерге әлеуметтік желіде немесе электронды пошта арқылы, фантопқа қабылданғаны жайлы жеке хабарлама жазып жеткізеді.Сұранысты қарастырудың ең ұзақ мерзімі – 1 апта. Көп сұраныс түскен жағдайда, мерзімнің 1 айға дейін созылуы мүмкін.
3.3  Жанкүйердің әлеуметтік желілерде біздің фантоптың (Facebook, Instagram, Одноклассники, ВКонтакте) парақшаларына және YouTube каналына қосылғаны, фантоптың ресми мүшесі болып саналмайды, тек фантоптың мүшелерімен виртуалды тілдесуге ғана мүмкіндік береді
3.4  Фантоп мүшесінен немесе жанкүйерден алынған жеке мәліметтер фантоптың қарауына кіреді және фантоптың мақсаты мен міндеттері орындалуы үшін қолданылуы мүмкін. Фантоп барлық жеке мәліметтерді құпия сақтауға кепілдік береді.
3.5  Фантоптағы мүшеліктің тоқтатылуы жанкүйердің өз қалауы бойынша өтініш білдіруі арқылы немесе басшылықтың топтан шығаруы арқылы да жүзеге асырылады. Басшылықтың шешімімен фантоптың мүшелігінен шығарылуы келесі жағдайларда іске асырылады:
- Фантоптың жарлығы негізіндегі қазіргі ережелерді бұзу;
-  Фантоптың мақсаты мен міндеттеріне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер;
- Фантоп өміріне еш себепсіз ұзақ уақыт белсенділік танытпау;
 - Фантоп мүшесі топтың беделіне немесе шынайы материалдық нұқсан келтіретін себептерді жасауы;
- Әртіс өміріне немесе оның ұжымы мүшелерінің жеке өміріне араласу, оның ішінде Әртіс атынан жарнама жасау немесе жалған аккаунт ашу.

3.6 Фантоптан (өз немесе басшылықтың қалауымен) шыққан жағдайда, фантоптың мүшесі ретінде ерікті төленген жарна кері қайтарылмайды.

3.7  Фантоптың мүшелігін 2 санат анықтайды: дара және құрметті. Дара өз кезегінде шынайы және белсенді болып бөлінеді.
Фантоптың шынайы мүшесі атағын сауалнамадан кейін, фантопқа қабылданғаны жайлы басшылықтан құптау алған кезде және алғашқы жарна төленген жағдайда иеленеді. Белсенді мүшесі атағы Әртістің өнерін дәріптегені үшін, фантоптың дамуына ерекше үлес қосқаны үшін, фантоп басшылығымен беріледі. Белсенділік – Әртіспен кездесулер және басқа да іс-шаралар кезінде фантопқа мүшелер таңдауындағы негізгі белгілердің бірі болып табылады. Осылайша, фантоптың белсенді мүшесі болу Әртіспен жеке кездесуге мүмкіндікті кепіл етпейді.
Топтың құрметті мүшелері болып ұйымның дамуына зор үлес қосқан білікті мамандар, политика, мемлекет және қоғам қайраткерлері сайланады.

4. ФАНТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

4.1 Фантоп мүшелерінің құқықтары бір және тең дәрежеде міндеттер атқарады
4.2 Топ мүшелерінің фантоптың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін өткізілген барлық іс-шараларға қатысуға, фантоптың  жетекші органына сайлануға және сайлауға, фантоптан кедергісіз шығуына құқығы бар.
4.3 Егер қатысушы кездесу болатын жерден алыста тұратын болса, фантоптың барлық кездесулеріне қатыспауына болады
4.4 Фантоптың басшылығымен ашық түрде дауыс беруге қойылған сұрақтарға дауыс беріп, өз пікірін айта алады.
4.5 Фантоптың ерекшелігін (атрибутикасын) басымды жағдайда алу
4.6  Фантоп басшысына жеке, делдалсыз, топ жұмысына көңілі толмайтынын немесе фантоп жұмысынын әлдеқайда жақсартуға өзіндік ұсыныстарын білдіру
4.7 Фантоп мүшесі осы Ережелерді сақтауға міндетті, фантоп басшысының шешімін орындау, топ мақсатын орындауда өз үлесін қосу
4.8  Әртіске және оның ұжымына құрметпен қарау. Ғаламтордағы байланыста және жеке кездесулерде сыпайылық таныту
4.9  Фантоп қатысушыларының, олардың тәжірибесіне, жасына, тіл меңгеруіне, музыкалық және басқа қалауларынан  тәуелсіз барлығына сыйластық таныту. Барлық фантоп мүшелері өз ара тең
4.10  Фантоптың ресми атауын, сонымен қатар фантоптағы мүшелігін топ басшысының келісімінсіз ақылы мақсатта  пайдаланбау
4.11  Фантобынан алған жасырын ақпаратты жария етпеу, құпиялықты сақтау
4.12 Фантоп басшылығының рұқсатынсыз тіркеуді, бейнелемені (символика), фотоларды, бейнежазбаларды және т.б. фантопқа тиесілі дүниелерді сатпау
4.13  Фантоп басшылығына жеке байланыс ақпараттарын өзгерсе уақытылы хабарлау.

Димаш Құдайбергенмен сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Димаш Құдайбергенмен  сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Candid журналының өкілі Адам Зоргани Indigo 02-де табысты өткен концертінен кейін Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Поп-музыканың жаңалығы, көптеген марапаттардың иегері және өткен жылғы Қытай дауысының жеңімпазы Dimash бес октаваны, төрт үнді және бір жартылай үнді қамтитын вокалдық диапазонға ие. Бастан бастап сопраноға дейін барлық дерлік белгілі әйелдер, сол сияқты ерлер вокалдық регистрлерінде өлең айту қабілеті бар; сондай-ақ ол сирек кездесетін ысқырық реестрінде де ән салады.

Толығырақ оқу →

БАСҚА БЛОГЫН БЕТТЕР

Әнші Димаш Құдайберген: эстрадада әлі өнер бар екенін  көрсеткім келеді

24-жастағы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген - Азия елдеріндегі атақты музыкант. Өте сирек кездесетін кең, бес октавадан, төрт нотадан және бір жартылай тоннан тұратын диапазон иесі, музыкант - Димаш мәртебелі Тop Chinese Music Awards сыйлығындағы  "Азияның ең танымал әншісі" атағын жеңіп алған сәттен бастап оның фанаттарының саны геометриялық прогрессиямен көбейуде...

Dimash Dears байланыс тобын құру

Барлық елдегі Dears Лондонға жиналып жатқанда біз қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Енді концертте Димаштың қазақ тіліндегі біз жақсы көретін әндерін қосылып айта аламыз, өйткені қалтаға сыятын ыңғайлы пішінде ән жинағымыз бар. Басылым Eurasian fan club, Димаш Достар, Ақ тілек, Дара Димаш, Димаш әлемі, Димаш Қазақстан, Димаш Құдайбергенов. Dimash Kudaibergenov, DKIFC фан клубтарының қаржысына шығарылды.

Виктория радиосы

Қазан айында Якутия Димаштың жанкүйерлері үшін тосын сый жасады! 2018 жылғы 2 қазаннан бастап, тұтас ай бойы КҮН САЙЫН олардың әрқайсысы Victoria FM радиосынан Димаштың ғажап дауысын тыңдау мүмкіндігіне ие болды! Бүкіл әлем Димашты бір уақытта тыңдай алды!