Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге видео-үндеу жолдады

Халық әртісі Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенді қолдап, сөз сөйледі деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бибігүл Төлегенова жас әншіге алдағы "I am a Singer" танымал вокалдық байқаудың кезекті кезеңіне сәттілік тіледі. Байқаудың нәтижесі 15 сәуірде сенбі күні белгілі болады.
"Қымбатты Димаш, біз сенің жанкүйерлеріңбіз және сенен зор жеңіс күтеміз. Мен сені „Славян базары” байқауына батамды беріп жіберген едім, бұл жолы да осы үлкен байқауға өз батамды беріп отырмын. Бүгінгі таңда бүкіл Қазақстан, Қытай ғана емес, барша әлем сені қолдап отыр. Біз сенің ең басты жанкүйерлеріңбіз, өйткені біз сенің жерлестеріңбіз", - деп Бибігүл Төлегенова өзінің тілегін білдірді. Димаш Құдайбергеннің өнер көрсету қарсаңында Астанада, елордалық жастар жас орындаушыға демеу ретінде, флешмоб ұйымдастырды. Бұл шараға 200-ге жуық адам, соның ішінде Димаш оқитын Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенттері де қатысты. 

"Біз оның мүмкіндіктеріне жоғары баға береміз, барлық кезеңдерде ол бірінші болды, соны финалда ақтап шығады деп санаймыз. Оған шығармашылығы үшін үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Ол біздің еліміздің абыройын, мәдениетін, тілін жоғары деңгейге көтерді, біздің Димашқа деген өз сезімімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес” - деп флешмоб қатысушылары өз пікірлерін айтты. 

"I am a Singer" байқауында Димаш ағылшын, француз, қытай, орыс және қазақ тілдерінде ән шырқады. Финалдың бірінші күнінде, ол Адриано Челентаноның итальян тіліндегі "Confessa" әнімен және "Бесінші элемент" кинофильміндгі Дива Плавагунаның ариясын орындап көрермендерді қуантты. 

Атап айтсақ, Димаш Құдайбергенді - байқауда жеңіске үміткерлердің ішінен ең лайықтысы деп атады.

 

 

14.04.2017 | Кері оралу

Димаш Құдайбергенмен сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Димаш Құдайбергенмен  сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Candid журналының өкілі Адам Зоргани Indigo 02-де табысты өткен концертінен кейін Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Поп-музыканың жаңалығы, көптеген марапаттардың иегері және өткен жылғы Қытай дауысының жеңімпазы Dimash бес октаваны, төрт үнді және бір жартылай үнді қамтитын вокалдық диапазонға ие. Бастан бастап сопраноға дейін барлық дерлік белгілі әйелдер, сол сияқты ерлер вокалдық регистрлерінде өлең айту қабілеті бар; сондай-ақ ол сирек кездесетін ысқырық реестрінде де ән салады.

Толығырақ оқу →

БАСҚА БЛОГЫН БЕТТЕР

Әнші Димаш Құдайберген: эстрадада әлі өнер бар екенін  көрсеткім келеді

24-жастағы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген - Азия елдеріндегі атақты музыкант. Өте сирек кездесетін кең, бес октавадан, төрт нотадан және бір жартылай тоннан тұратын диапазон иесі, музыкант - Димаш мәртебелі Тop Chinese Music Awards сыйлығындағы  "Азияның ең танымал әншісі" атағын жеңіп алған сәттен бастап оның фанаттарының саны геометриялық прогрессиямен көбейуде...

Dimash Dears байланыс тобын құру

Барлық елдегі Dears Лондонға жиналып жатқанда біз қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Енді концертте Димаштың қазақ тіліндегі біз жақсы көретін әндерін қосылып айта аламыз, өйткені қалтаға сыятын ыңғайлы пішінде ән жинағымыз бар. Басылым Eurasian fan club, Димаш Достар, Ақ тілек, Дара Димаш, Димаш әлемі, Димаш Қазақстан, Димаш Құдайбергенов. Dimash Kudaibergenov, DKIFC фан клубтарының қаржысына шығарылды.

Виктория радиосы

Қазан айында Якутия Димаштың жанкүйерлері үшін тосын сый жасады! 2018 жылғы 2 қазаннан бастап, тұтас ай бойы КҮН САЙЫН олардың әрқайсысы Victoria FM радиосынан Димаштың ғажап дауысын тыңдау мүмкіндігіне ие болды! Бүкіл әлем Димашты бір уақытта тыңдай алды!