Димаш Құдайбергенмен сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Шоуда фанаттармен әңгімелескеннен кейін Candid өкілі Адам Зоргани ең өзекті сұрақтарға жауап алу үшін Димашпен кездесті.

Поп-музыканың жаңалығы, көптеген марапаттардың иегері және өткен жылғы Қытай дауысының жеңімпазы Dimash бес октаваны, төрт үнді және бір жартылай үнді қамтитын вокалдық диапазонға ие. Бастан бастап сопраноға дейін барлық дерлік белгілі әйелдер, сол сияқты ерлер вокалдық регистрлерінде өлең айту қабілеті бар; сондай-ақ ол сирек кездесетін ысқырық реестрінде де ән салады.

- Музыкада саған шабыт беретін кім?
- Біріншіден, маған ата-анам рух береді. Мен ата-анамның бақытты болғанын және музыкамнан рухани жігерді сезінгенін қалаймын. Одан басқа, концертке дайындалған кезде өз ата-анам туралы ойлап, солармен рухтанамын.  
Егер басқа әртістер жайлы айтатын болсақ, Майкл Джексон, Селин Дион, Фредди Меркьюри және Паваротти – әртүрлі себептер бойынша маған жігер береді. Джеки Чан да маған рух береді, сондықтан бұл жерде әңгіме тек вокал жайында емес.
Адамгершілікті әрі руханиятты адамдарды құрметтеймін және сүйсінемін. Джеки Чан – менің досым, ол өте қарапайым, өте тартымды адам, оны атақ-даңқ  өзгертпеген, сонысы үшін өте қадірлеймін.

- Осында, Лондонда толық аншлагқа ие болған концертте өнер көрсету қалай болды?
- Өте тамаша болды! Бұл менің Лондондағы алғашқы концертім.
Өз жанкүйерлеріме рахмет айтқым келеді, олардың қолдауы мен тамаша қабылдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен айрықша энергияны сезіндім.
Мен жүз отыз миллион көрермен үшін телевизияда өнер көрсеттім, бірақ ол мейлі бес адам болсын, бес мың адам болсын, олардың өздерін көре алмайтын телевизиядан өнер көрсету болсын, мен олардың жүздерін көзіме елестете аламын, сөйтіп өздерін көргендей боламын.
Өз аудиторияммен ерекше байланысты әрдайым сезінемін.

- Сіз Қазақстанның қай жерін жақсы көресіз, қай жерінде еркін демала аласыз/қандай тағамын жақсы көресіз?
- Сізге біздің елге келіп қонақ болу керек! Қазақстанның тағамы – оны міндетті түрде татып көретін тағам! Мен үшін ерекше жер – Ақтөбе қаласы.
Бұдан басқа, біздің астанамыз – әлемдегі ең жас қалалардың бірі. Әлбетте, Астана күн өткен сайын дамып келе жатыр және оны бүкіл әлем көріп отыр – көптеген ғимараттар пайда болуда, инфрақұрылым жақсаруда.
Кейінгі жиырма жыл ішінде ол айтарлықтай өсті және бұл көбіне Президенттің жетекшілігіне байланысты. Әлемнің көптеген қалаларында болсам да, шетелде  ешқашан демалған емеспін, оның бәрі жұмыс барысында болды. Демалғым келген кезде үйге барамын.

- Әнші болғың келетінін қай жасыңда түсіндің?
- Перзентханадан шыққаннан соң, туғаннан кейін алғашқы шапалақ алған сәттен бастап.

- Қандай әншілермен кездескің келеді?
- Селин Дион, Майкл Джексонмен кездесуді армандайтынмын, қазіргі әртістерден – Селин Дионмен кездескім келеді.
Голливудта жүргенімде бір күні бір адамды кездестірдім, ол мені тоқтатып – менде сіз үшін бір ерекше зат бар - деді. Ол Майкл Джексон қол қойған және 1994 жылғы 24 мамырмен даталанған плакат – менің туған күніммен! Бұл ерекше сый болды.

- Дауысыңды жаттықтыруға қанша уақыт жұмсайсың?
- Әртүрлі, кейде 10 минут, кейде 5 минут.

- Талапты әншілерге қандай кеңес берер едіңіз?
- Шығармашылық қағидаттарыңызды жоғалтпаңыздар. Берілмеңіздер. Егер өнер иесі болғыңыз келсе, Сіз сахнада орындаушы болуға міндеттісіз, бірақ қайдан келгеніңізді ұмытпаңыз.
Табиғи әрі кішіпейіл болыңыздар.

- Сіз домбырада ойнайсыз ғой (қазақтың шекті аспабы) – ол жайлы не айтасыз?
- Ең алғаш рет қолыма домбыра ұстатқан адам – ол атам, ол саусағынан бал тамған домбырашы. Менің ортамда домбыра үнемі болатын – әкем де, атам да домбырада ойнайды.

- Сенің анаң – сопрано, опера партиясымен альбом шығарғыңыз келер ме еді?
- Поп пен классикадан қандай да бір кроссовер жасау жоспарымда бар. Осы тұрғыдан қарауға болады.

- Алдағы жоспарыңыз қандай, қандай жұмыс жүргізіп жатырсыз?
- Басқа елдерде бірнеше концерт жоспарлануда. Жаңа жазбам желтоқсан айында шығуы тиіс – әзірге ешқандай атауы жоқ, жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар.

- Шоуыңызда Қазақстанның бейнелері ұсынылды. Қазақстанның мәдениетін халықаралық аудиторияға әкелу қандай әсер берді?
- Мен үлкен мақтанышты сезінемін. Өз елімді, өз жерімді, өз ұлтымды мақтан тұтамын, алайда тұтас әлемнің халқын да солай көремін.
Біз жас елміз, сондықтан мен елімнің дамып келе жатқанын мақтаныш етемін. Адамдар Борат сияқты фильмдерде жаман ниетпен Қазақстанды бұрмалап көрсеткен. Бұл түсініктердің еліміздегі шындыққа еш қатысы жоқ.

Біз өте тату, достық ниеттегі елміз, сондықтан сіздер барлығыңыз жақын арада  бізге қонаққа келулеріңіз керек.

  
  
  
  

Димаш Құдайбергеннің фотосуреттері – Никита Басов.
https://candidmagazine.com/interview-dimash-kudaiberegn-music/

02.12.2018 | Кері оралу

Димаш Құдайбергенмен сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Димаш Құдайбергенмен  сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Candid журналының өкілі Адам Зоргани Indigo 02-де табысты өткен концертінен кейін Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Поп-музыканың жаңалығы, көптеген марапаттардың иегері және өткен жылғы Қытай дауысының жеңімпазы Dimash бес октаваны, төрт үнді және бір жартылай үнді қамтитын вокалдық диапазонға ие. Бастан бастап сопраноға дейін барлық дерлік белгілі әйелдер, сол сияқты ерлер вокалдық регистрлерінде өлең айту қабілеті бар; сондай-ақ ол сирек кездесетін ысқырық реестрінде де ән салады.

Толығырақ оқу →

БАСҚА БЛОГЫН БЕТТЕР

Әнші Димаш Құдайберген: эстрадада әлі өнер бар екенін  көрсеткім келеді

24-жастағы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген - Азия елдеріндегі атақты музыкант. Өте сирек кездесетін кең, бес октавадан, төрт нотадан және бір жартылай тоннан тұратын диапазон иесі, музыкант - Димаш мәртебелі Тop Chinese Music Awards сыйлығындағы  "Азияның ең танымал әншісі" атағын жеңіп алған сәттен бастап оның фанаттарының саны геометриялық прогрессиямен көбейуде...

Dimash Dears байланыс тобын құру

Барлық елдегі Dears Лондонға жиналып жатқанда біз қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Енді концертте Димаштың қазақ тіліндегі біз жақсы көретін әндерін қосылып айта аламыз, өйткені қалтаға сыятын ыңғайлы пішінде ән жинағымыз бар. Басылым Eurasian fan club, Димаш Достар, Ақ тілек, Дара Димаш, Димаш әлемі, Димаш Қазақстан, Димаш Құдайбергенов. Dimash Kudaibergenov, DKIFC фан клубтарының қаржысына шығарылды.

Виктория радиосы

Қазан айында Якутия Димаштың жанкүйерлері үшін тосын сый жасады! 2018 жылғы 2 қазаннан бастап, тұтас ай бойы КҮН САЙЫН олардың әрқайсысы Victoria FM радиосынан Димаштың ғажап дауысын тыңдау мүмкіндігіне ие болды! Бүкіл әлем Димашты бір уақытта тыңдай алды!