Әнші Димаш Құдайберген: эстрадада әлі өнер бар екенін  көрсеткім келеді

24-жастағы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген - Азия елдеріндегі атақты музыкант. Өте сирек кездесетін кең, бес октавадан, төрт нотадан және бір жартылай тоннан тұратын диапазон иесі, музыкант - Димаш мәртебелі Тop Chinese Music Awards сыйлығындағы  "Азияның ең танымал әншісі" атағын жеңіп алған сәттен бастап оның фанаттарының саны геометриялық прогрессиямен көбейуде. Фанаттар саны 10 миллионнан асты, бұған қоса ғаламшарымыздың әр түкпірінде жүздеген фан-клубтар ашылды. 
Осы аптада әнші Еуропадағы алғашқы жеке концертін өткізді. Лондонға Димашты не әкелгені, табыстан қалай дандайсып кетпеу керек екені, "Богем рапсодиясы" фильмі неге ұнамағаны, ресейлік композитор Игорь Крутоймен бірлесе жасаған жұмысы және алдағы шығармашылық жоспары туралы ТАСС эксклюзивті сұхбатында айтып берді. 

- Сіз Лондонға бірінші рет келдіңіз, Ұлыбританияда, жалпы Еуропада алғашқы жеке концертіңiздi бердiңiз. Неліктен Сіз дәл Ұлыбританияға келдіңіз?
— Мен әрдайым Англияда жеке концертімдi өткiзсем деп қаладым, бұл қалауым көрермендердің қолдауының арқасында жүзеге асты. Сөздiң қысқасы, Лондонға менi көрермендерім әкелді. 
— Сахнаға шығар алдында Сіз қобалжыдыңыз ба? Сіз не күттіңіз және үмітіңіз ақталды ма?  
— Толқу болды, бірақ есiрiктiкке дейін емес. Жалпы, сахнаға шығар алдында қобалжу жоқ деген әртістер өтiрiк айтады. Барлық әртістерде толқу болады, барлығы да. Мен де солардың қатарындамын.  
Концерт жақсы деңгейде өтті, алайда, мен перфекционист болғандықтан, ән салу жағынан одан да жақсы өнер көрсетуге болатын еді деп ойлаймын. Сондай-ақ залда жанға жылы, әдемі де жақсы атмосфера болды. Сол себептен, мен өз мақсатыма жеттім деп айтуға болады. 
 — Жеке концерттеріңiздің кестесінде Мәскеу немесе басқа ресейлік аймақтар бар ма?  
— Мәскеуде үлкен жеке концертім жоспарлануда. Уақытын әзірше айтпаймын, бұл жобамыз орасан зор концерт, жақсы шоу болады, әдеттегідей жанды дауыс пен жанды музыка сүйемелдеуімен өтпек. Нақты білерім, Игорь Крутой концертке қатысады. 
— Бұл келесі жылы ма?
— Иә.
 - Лондондағы концертiңiзде Игорь Крутойдың әнін шырқадыңыз. Репертуарыңызда тағы қандай да бір ресейлік немесе кеңес дәуірінің композиторлары  бар ма? 
— Менің ойымша, маған ресейлік композитор сыйлаған бұл алғашқы авторлық ән, және де "Шаршаған аққулар махаббаты" әні шынымен өнер туындысы деп айтуға әбден лайық деп санаймын.  Бұл қазіргі уақытта өте маңызды, өйткені қазір шоу-индустрия шығармашылықпен айналыспай, көбінесе "хайп" ұстауда. Бұл күрделі кезеңде, мен эстрадада әлі өнер бар екенін көрсеткім келеді.  
— Бұны жүзеге асыру үшін не істемексіз? 
— Игорь Яковлевич секілді үлкен композиторларымен жұмыс істеу. Профессионалды түрден қарағанда, ол - әлемдік деңгейдегі композитор. Бұған дәлел, оның әнін Андреа Бочелли шырқаған, Алла Пугачева да орындаған, онымен Лара Фабиан жұмыс жасаған.  
— Ресейден тағы біреумен жұмыс жасауға дайынсыз ба? 
— Ресейде көптеген дарынды композиторлар бар. Алайда, Игорь Яковлевичтiң әндері менің дауысыма жақсы келедi, және өзімді жетілдіру мақсатында таңдалған бағытта, яғни неоклассикада, басқа сөзбен айтқанда кроссовер бағытында ол ән жазады. Сол себептен де, біз тез тіл табысып кеттік. 
"Қазір неоклассика бағытында ән салғысы келетін жас әртістер сирек  кездеседі. Бір кездері бұнымен Андреа Бочелли айналысты. Поп-классика бағытында орындаушылар аз болғандықтан, мен бұл тауашаны иеленгiм келедi.
- Қанша тілде ән айтасыз? Мен тоғыз тілде деп естідім. 
— Білмеймін. Ән егер ұнаса, африкан тілінде болса да мен оны жаттауға тырысамын. 
— Қай тілде ән салу оңайырақ? 
— Қазақша, бұл менің ана тілім. Қазақша ән айту маған жеңіл, өйткені мен қазақтың барлық салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен өстім. Мен қазақ әндерінің жанын, табиғатын жақсы түсінемін. 
— Егер қазақ тілін емес, шет тілдерді айтсақ, қай тілде ән салу жеңіл?
— Мен ағылшынша деп ойлаймын. Мен Майкл Джексонның, Фредди Меркьюридiң үлкен фанатымын. Олардың әндерімен өстім. Сосын итальян тіліндегі туындылар, өйткені мен әлі күнге дейін итальяндық Лучано Паваротти мен Энрико Карузо италияндық тенорлардың  үлкен фанатымын. Және орыстың халық әндерін жақсы көремін. Колледжде оқыған кезімде (Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе колледжі - ТАСС ескертпесі), жетекшім және ұстазым, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Марат Әйтiмовпен бірлесе Римский-Корсаков жазған әнді таңдадық, мен Дмитрий Хворостовскийдің репертуарынан Сергей Рахманиновтың Мюссе үзіндісін, Ленскийдың ариясын шырқаған болатынмын. Айтпақшы, Дмитрий Хворостовскийдiң үлкен фанатымын. Анна Нетребконың да.

— Queen тобының The Show Must Go On әнін концертте орындадыңыз. Сіз әнді Меркьюридiң шығармашылығына деген сүйіспеншіліктен бе,әлде концерт Англияда өткендіктен таңдаңыз ба? 
—  Бұл әнді екі жыл бұрын, Қытайда телевизиялық жобаның үшінші кезеңінде шырқаған едім. Әнді бала кезімде ұнатқан болатынмын, сол әннен бастап рок-музыка тыңдай бастадым. Мен оны сәл өзгерттім, өзімше айттым, өйткені мен рок-әнші емеспін, өзіндік ерекшелігім болу керек. 
— Сіз Queen, Джексон жайлы сөз қозғадыңыз. Ал әлемдік рок-орындаушылардан кімді атап көрсете аласыз? 
— Шыныды айтсам, рок музыканы аса қатты жақсы көрмеймін, өйткені тым шулы музыка, мен үшін емес. Бірақ, Queen тобын жақсы көрдім, себебі олар жаңа бағыттың - классикалық рок музыканың алғашқы өкілдері болды. Егер "Богем рапсодиясын" тыңдасақ, оған көз жеткізуге болады.  
— Брайан Сингердiң "Богем рапсодиясы" фильмін көріп үлгердіңiз бе? 
— Иә, көрдім.
— Сіздiң ойыңыз?
— Бұдан жақсырақ болу керек еді. Менің ойымша, олар Фредди Меркьюридiң ұлылығын 100% көрсете алмады. Фильм автобиографиялық емес, көркем жанрда екенін жақсы түсінемін. Алайда, мен Майкл Джексонмен қалай танысқанын, қалай дуэт жазғанын көргім келеді. Менiңше, сондай маңызды сәттерді олар жіберіп алды. Аяғында, көптеген заттар түсінiксiз, жабық түрде қалды.  
—  Концертте менi таңқалдырған фанаттарыңыздың саны, олар 46 мемлекеттің өкілдері. Жалпы, әлем бойынша Сіздің 114 фан-клубыңыз бар, 10 млн асатын фанаттар. Сондай танымалдылыққа тез қол жеткізгендіңізден басыңыз айналған жоқ па?   
— Осындай сұрақты Иосиф Кобзонға да қойған. Одан жұлдыз болу қиын емес пе деп сұрады. Өзін жұлдыз санаған әртіске өте қиын, деп жауап қатты. Өз жұмысыңа максималды түрде кәсіби тұрғыдан қарау керек, сахна төрінде сен - әртіссiң, ал қарапайым өмірде кәдімгі адамсың, сен де тамақ iшесiң, су iшесiң, ұйықтайсың, оянасың, адамдармен араласасың, соны түсіну керек. Өмірде сен адам болып қалуың керек. 
—  Қытайда көп өнер көрсеттіңіз, енді мiне Лондонда концерт өткіздіңiз. Ал Мемлекеттік Кремль Сарайында РФ iшкi iстер қызметкері күніне орайластырылған концертте көрермендердің қабылдауы Сізге қалай көрінді? 
— Онда менің шығармашылығымды сүйетін қауымның, фанаттарымның алдында өнер көрсеткен жоқпын. Көпшілік ұстамды, сабырлы болды. Бірақ, онда полиция қызметкерлері, генералдар, үлкен адамдар болғанын есепке алу керек. Олар кішкене жымиып концертті тамашаласа, мен үлкен табысқа жетіп, "өте жақсы" өнер көрсеттім деп айтуға болады. Өзіңіз түсінесiз, олар-ұстамды адамдар.
Азияда, әдетте, мен жанкүйерлерімнің алдында жеке концерттеріммен шығамын. Және әр мемлекеттегі халықтың қалай қабылдайтынын салыстыруға болмайды. Әр халықтың өз менталитетi бар. Қазақстанда, менің шығармашылығымды басқа елдерден кем сүймеуі мүмкін, бірақ өз сезімін аса қатты білдірмейдi. Ресейде де солай. Біз, ТМД аймағында өмір сүретін халық, сезімімiздi жасыруды жақсы көреміз, біздің тәрбиеміз басқа.
— Мәскеуде өткелі жатқан концерт жайлы айттыңыз. Жалпы, жоспарыңыз қандай? 
— Бір айдан кейін, менің жаңа альбомымның релизi шықпақ. Қазір D-Dynasty деп аталатын турне бастадық, бұрын айтылғандай, ол әлемдік турне болмақ. Бірақ, барлық жоспарымды жариялағым келмейді. Біз, қазақ халқы, ырымшылмыз. Менің елiмде жоспарыңды айтсаң, жүзеге аспайды деп айтады. Сондықтан менің жоспарым бар, алдағы жылда неге көңіл бөлу керек екенін  білемін, бірақ әзір айтпаймын.

Әңгімелескен Илья Дмитрячев

Источник

22.11.2018 | Кері оралу

Димаш Құдайбергенмен сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Димаш Құдайбергенмен  сұхбат - Музыка, Қазақстан және Джеки Чан туралы

Candid журналының өкілі Адам Зоргани Indigo 02-де табысты өткен концертінен кейін Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Поп-музыканың жаңалығы, көптеген марапаттардың иегері және өткен жылғы Қытай дауысының жеңімпазы Dimash бес октаваны, төрт үнді және бір жартылай үнді қамтитын вокалдық диапазонға ие. Бастан бастап сопраноға дейін барлық дерлік белгілі әйелдер, сол сияқты ерлер вокалдық регистрлерінде өлең айту қабілеті бар; сондай-ақ ол сирек кездесетін ысқырық реестрінде де ән салады.

Толығырақ оқу →

БАСҚА БЛОГЫН БЕТТЕР

Dimash Dears байланыс тобын құру

Барлық елдегі Dears Лондонға жиналып жатқанда біз қуанышты хабармен бөліскіміз келеді. Енді концертте Димаштың қазақ тіліндегі біз жақсы көретін әндерін қосылып айта аламыз, өйткені қалтаға сыятын ыңғайлы пішінде ән жинағымыз бар. Басылым Eurasian fan club, Димаш Достар, Ақ тілек, Дара Димаш, Димаш әлемі, Димаш Қазақстан, Димаш Құдайбергенов. Dimash Kudaibergenov, DKIFC фан клубтарының қаржысына шығарылды.

Виктория радиосы

Қазан айында Якутия Димаштың жанкүйерлері үшін тосын сый жасады! 2018 жылғы 2 қазаннан бастап, тұтас ай бойы КҮН САЙЫН олардың әрқайсысы Victoria FM радиосынан Димаштың ғажап дауысын тыңдау мүмкіндігіне ие болды! Бүкіл әлем Димашты бір уақытта тыңдай алды!