Димаштың өлеңдерінің сөздері

Ұмытылмас күн

Бір көргеннен ғашық болдым өзіңе
Еркелеген балдай тәтті сөзіне
Қылығынмен баурап алдын жанымды
Қарай бердім нұрға толы жүзіне

Пай пай шіркін ұмытылмас күн
Пай пай шіркін ұмытылмас күн

Аңсап күткен арманым сен
Алаулаған таңдарым сен
Алақанда аялайтын
Аңсарым да, ардағым - сен

Жүрекке ешкім жүргізе алмас әмірін
Сөндіре алмас сезімімнін жалынын
Бақыттыммын бұл әлемге сені егер
Тағдырыма тарту етсе тағдырым

Пай пай шіркін ұмытылмас күн
Пай пай шіркін ұмытылмас күн

Аңсап күткен арманым сен
Алаулаған таңдарым сен
Алақанда аялайтын
Аңсарым да, ардағым - сен

Сені жаным қимаймын, қимаймын
Сені қалай өзгеге силаймын?

Көркемім

Гүл көктем шақта мына
Сезім сыр ақтарыла
Ғашықтың жырын өремін
Өзіңді сағынғасын
Күлім көз қарындасым
Алыстан іздеп келемін

Жанарыма нұр тұнып
Бар дүние құлпырып
Әлемге ғажап енемін
Риясыз ізгі арманым
Даланың қызғалдағын
Бір саған арнап теремін

Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ер күнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін

Көз ілмей таң атырған
Арманның қанатында
Көңілге әсем күй тынды
Шырайлы нұр сәтте мен
Асығып,аңсап келем
Әдемі сыңғыр күлкіңді

Гүл болып жаңа ашылған
Мөп-мөлдір кең асыл жан
Сен мендік мәңгі сенемін
Сағыныш сазыменен
Жүрекке жазып өлең
Құс болып ұшып келемін

Гүлдей,гүлдей,гүлдей көркемім
Жүрегімде сенің ер күнің
Қуанышым асқақ әнім сен,сен,сен
Желбіреткен сезім желкенін

Махаббат бер маған, тағдыр

1. Жан жүдеу, жабырқау - мұңайдым,
Айға ұқсап аспандағы,
Сен мені биіктет сұраймын.
Тағдырдың баспалдағы.

Махаббат бер маған, тағдыр
Махаббат бер маған
Махаббат бер маға
Жанымды жалынға орап,үзілмей маздаған.
Махаббат бер маған, тағдыр
Махаббат бер маған
Ешқашан, ешкімде,еш кез болмаған.

2. Бұл өмір арманнан тұрады
Қол жетпес асқақ бәрі
Шың-құздан сан мәрте құладым
Сан мәрте асқақтадым.

3. Өшпейді үміттің шырағы,
Қиыннан жасқанбадым.
Қай жерде бақыттың тұрағы?
Самғайды асқақ әнім...

Асыл анашым

1.Шуағыңмен нұрланамын
Жаным гүлдеп көктейді
Бар ғажабы бұл ғаламның
Әлдиіңе жетпейді

2.Құшағыңда нұры қалған
Қымбат қандай қайран күн
Мейірімен шуақ тұнған
Пейіліңнен айналдым

Асыл анашым өмірің боп жалғастым
Өзің ғанасың ең аяулым, ардақтым
Төккен нұрың мәңгі өшпейді санадан
Көктей күнім жарығымсың жан анам

3. Асылдардың асылдарын
Біздер үшін жиыпсың
Биік шыңдар басындағы
Жанардан да биіксің
Ұша алар ма едім саһарларға
Таңым болып атпасаң,
Аяулы анам арман бар ма,
Ақ сүтіңді ақтасам.

Асыл анашым өмірің боп жалғастым
Өзің ғанасың ең аяулым, ардақтым
Төккен нұрың мәңгі өшпейді санадан
Көктей күнім жарығымсың жан анам

Дайдидау

Хат жаздым қалам алып сізге еркем,
Жүзің бар он төртінші-ай айдай көркем.
Есіме сен түскенде, беу қарағым,
Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін.

Уай, дайдидау-ай,
Қозғайсың қатып қалған-ай іштің дертін.

Шынымен менен достым қалғаның ба,
Мойныңа айырылуды-ай алғаның ба?
Екеуіміз айрылмастай болып едік,
Қайтейін уәдеңнің-ай жалғанына.

Уай, дайдидау-ай,
Қайтейін уәдеңнің-ай жалғанына.

Аққуым

Бақытыңды басқадан іздедің сен,аяулым,асылым
Үмітімді өзіңнен үзбедім мен,аңсадым ғашығым.
Неліктен махаббаттың гүлі солды?
Айтулы жүрек жыры соңғы..
Қарамадың бұрылып,менен мəңгі түңіліп
Кеткені ме пəк сезімдер суынып?
Қ-сы:
Аққуым,аяулым,арманым,арайланған таңдарым
Неліктен сен алдадың сезімдерді?
Жанымды,əнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың,мөлдір шықтың қалғанын көзімдегі

Тағдырдың жазуына бар ма шара,қош менің қымбаттым..
Жүрегіңде жалын-от қалмаса да,соңғы рет тіл қаттым.
Бақытыңды тілеймін кетсең шалғай,жүре алмаспын есіме алмай
Қатар ұшқан сыңарым,сөнді сезім шырағы.
Өзіңе арнап жазылған жыр-əнім..
Қ-сы;
Аққуым,аяулым,арманым,арайланған таңдарым
Неліктен сен алдадың сезімдерді?;
Жанымды,əнімді арнадым,
Түсіне сен алмадың,мөлдір шықтың қалғанын көзімдегі,

Қазақстан

Қымбат қой атың маған
Туған ел батыр бабам
Найзағай намыс отын
Көзіңде лапылдаған
Куә боп жатыр далам

Туған ел Қазақстаным
Саған ғашық мен бір бала ем
Туған ел Қазақстаным
Бас иеді саған бар әлем

Жайнаған алап қандай
Тәуелсіз таң атқандай
Тәңірі бар қазақты
Батыр қып жаратқандай
Қайтемін қанаттанбай

Туған ел Қазақстаным
Саған ғашық мен бір бала ем
Туған ел Қазақстаным
Бас иеді саған бар әлем

Айқаракөз

Айналайын, карагым-ой, қара қасың
Кос иықта бұралған қолан шашың
Айкаракоз журмісің сау-саламат
Қызыл гулім-ай?
Жөнің бөлек, Айкаракоз, журмісің
Сау-саламат, кызыл гулім-ай?

Алтын кайык жарасар күймесімен
Наздана алмас сұлу кыз сүймесімен
Айкаракоз, журмісің
Сау-саламат, кызыл гулім-ай?
Жонін болек, Айбұлбұлым, жүрмісің
Сау-саламат, қызыл гүлім-ай?

Кундіз ойдан кетпейсің, түнде тустен
Тал бойыңда бір мін жоқ
Жөнің бөлек, Айбұлбұлым, жүрмісің
Сау-саламат, қызыл гүлім-ай?
Жөнің бөлек, Айкаракоз, жүрмісің
Сау-саламат, кызыл гулім-ай?

Қарагым ай

Қарагым ай
Сұлулық осындай болады екен
Бір басқа армансыз қонады екен
Адамдар өмірге қонақ екен
Шынымен бұл дүние шолақ екен

Қарағым ай
Еліктер осылай жосады екен
Жолыңнан сені кім тосады екен
Бұл коңіл неліктен босады екен
Бұл тағдыр сені кімге қосады екен

Қарағым ай
Қиылып үзіліп қарадың ай
Қараған қандай сұлу жанарың ай

Қарағым ай
Бұл өмір осылай өтеді екен
Сүймесең дүние бекер екен
Парақтап жинасаң бар ғұмырың
Бір сүйген күніңе ай жете ме екен

Қарағым ай
Қиылып үзіліп қарадың ай
Қараған қандай сұлу жанарың ай

Қарағым ай
Қиылып үзіліп қарадың ай
Қараған қандай сұлу жанарың ай

Астана вальсы

Аяулы армандарды аңсап ұстар
Есілден басталады қанша құс бар
Барша нұр аймалайды Астананы
Қонады Астанаға барша құстар

Астана, мәнгілік дастан ән
Жайнаған гүлденіп жас қалам
Арайлансын ақ таным
Мәртебелі мақтанам
Айбыным, абыройым Астанам

Шарықтап қуаныштың таныс әлі
Күлкілер бір бірі мен жарасады
Келеді барлық әлем Астанаға
Барша жұрт Астанада табысады

Көшелер көктем гүлін тағылады
Жастықтың жұлдыздары жағылады
Келгендер шаттанады Астанаға
Кеткендер Астананы сағынады

Караторгай

Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.

Қайырмасы:
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.

Ертістің аржағында бір терең сай,
Сүйреткен жібек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қоңып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай.

Қайырмасы:
Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.

Аяз қарып...(Опять метель)

1. Зарығып тосумен келем мен,
Қар басып біз жүрген жатыр жол.
Сол жерде енді қайта жолығамыз ба деп ем
Сен жоқсың, қайда сол сағым жол.
 
Аяз қарып,
Жаурайды жан-жүрегім, мұздайды
Аяз қарып
Жүрегім сені іздейді, жаным қайдасын..

2. Мен өзіңді сүйдім, ұнаттым
Кеш жолықтық неге бірақ тым Қимасақта қанша бал сезімді бассаң Бұл, өмірден де өтеді жанып.

Аяз қарып,
Жаурайды жан-жүрегім, мұздайды
Аяз қарып
Жүрегім сені іздейді, жаным қайдасын