Блог

The World Dimash Fan Groups PreParty

Бірінші бөлім. Кездесу орны-Астана

Мерекенің басы ТМД-ның түрлі қалаларынан Достардың жиналған сəтінен бастау алды. Біз біраз уақыттан бері бір жанұя секілді араласып кеттік, əлеуметтік желі арқылы үнемі хабарласып отырдық, бірақ бетпе-бет кездесуге ештеңе жетпесі анық. Өзге елдерден қыдырып келген Достар қазақтың салт-дəстүрлеріне қызығып, əр сөздің мағынасын ұғынып, дұрыс айту жолымен танысты. Біз бір-біріміздің мəдениетімізді, елдерімізді салыстыра отырып Астанамен таныстық. Əрине біз жиналу себебімізді бір сəтке де естен шығармадық. Біздің топ препати дайындығына бел буып кірісіп кетті.

Ең алғашқы тапсырмамыз, бұл-шет елдік өнер сүйер қауымды жылы қонақжайлылықпен күтіп алу болды. Біздің клубтың мүшелері əуежайдан АҚШ, Жапония, Қытай елдерінің жанкүйерлерін күтіп алып, оларға билет сатып алуға жəне баспанамен қамтамасыз етуге көмектерін аямады. Айта кету керек, олар біздің мейірімділігіміз бен алғысымызды сезінгенін шынайы түрде қаладық. Сонымен қатар, Димашқа да бізге де қымбат жанға айналып кеткен Терри Линді күтіп алу сəті  де бізге бұйырды. Осылайша біздің қуанышты міндетіміздің алғашқы бөлімі өз деңгейінде жүзеге асты, алайда ең маңызды іс бізді əлі алда күтіп тұрған еді.

Екінші бөлім. Пати!

26 маусым күні Достар аса толқыныспен қонақтарды күтті. Сағат 18.00-де Димаштың тыңдармандары қуанышты сəттерді күткен көтеріңкі көңіл-күймен Абай мейрамханасында жинала бастады. Бұл кештің ортасы жайлы, қызу талқыланған əңгімелермен, естелікке түскен суреттермен толы болды. Біз қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстырып, сөз бен тіл кедергілерін  мейлінше болдырмауға көмектестік. Бұл кеште Димаштың бірге оқитын курстастары   өнер көрсетті. Концертке тығыз дайындықтарына қарамастан кешке Димаштың ата-анасы келіп қатысты. Сонымен қатар Димаштың достары - Алпамыс Шаримов, Айсұлтан да болды. Майра Мұхамедқызы белгілі себептермен қатыса алмағанымен өте əсерлі видео дайындаған.

Ал Димаштың өзі де тыңдармандарына арнаған жылы лебізін видео арқылы білдірді.

"Қазақстан" ұлттық арнасы, "31" арна түсірілім жүргізді.

Бұл кеш Димаш тыңдармандарына бір-бірімен жақын араласып, танысуға, өз хикаяларын айтып, бірлікті сезінуге мүмкіншілік берді. Себебі Димаш барлық тыңдармандарына бірдей қымбат жəне де бұл бас қосудың Димаштың отанында жүзеге асқанына біз өте қуаныштымыз.