FAQ

Фан-группа кімге арналған?

Фан-группа Қазақстандық əнші Димаш Құдайдергенге арналған. Əнші жайлы толығырақ ОСЫНДА оқыңыз.

Dimash & Dostar нені білдіреді?

Фан-группаның аты латынша жазылған екі сөзден құрылған: Dimash және қазақша Достар (друзья) - Dostar..

Фан-группада қай тілде араласады?

Фан-группа құрамы түрлі ел өкілдерінен құрылғандықтан өзара байланысу тілі ретінде орыс тілі таңдалды. Бірақ Сіз өзіңізге ыңғайлы кез-келген тілді қолдана аласыз. Мүмкіндігінше Сізді түсінеді. Сайтта өз мақалаларымызды үш тілде жүргіземіз : орыс, қазақ жəне ағылшын тілдерінде. 

Жеке мақалалар əлеуметтік желілерде мына тілдерде жарияланады:

https://www.instagram.com/dimash.dostar/ – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде;

https://www.facebook.com/dimash.dostar/ – ағылшын тілі;

https://vk.com/dimash.dostar – орыс жəне қазақ тілдері;

https://ok.ru/profile/576092126390 – орыс тілі.

Қалайша фан-группа мүшесі болуға болады?

Қабылданған ережеге сәйкес фан-группа мүшесі болып 16 жастан асқан кез келген табынушы бола алады , басқа елдің азаматы болғанына, жынысына, ұлтына жəне тілдерді білуіне қарамастан.
Жеке қатысушыларды қабылдау : өз қолымен толтырылған əртістің табынушыларының тіркелу формасы - Анықтама, Фан-группаның ресми сайтында орналасқан. Анықтаманы жіберу арқылы, əртістің табынушысы берілген ақпараттың растығын жəне Фан-группаның заңдарын ұстануды растайды. 
Өтінішті қарау уақыты - 1 апта. Көп өтініш түскен жағдайда 1 айға созылуы мүмкін.

Димаш əлеуметтік желіде барма?

Бар. Instagram

Димаш қай кезде менің қалам концертпен келеді?

Барлық бізге белгілі концертерді сіз ОСЫНДА көре аласыз.

Димашта қанша əн бар?

Нақты шығарылған əндерді ОСЫНДА тыңдай аласыз.

Димаш қанша жаста? бойы қанша? Жұлдызнамасы?

Димаш 24 мамыр 1994 жылы дүниеге келді, ол кəзір 23 жаста. 
Димаштың айтуы бойынша, кəзіргі кезде оның бойы 191 см
Жұлдызнамасы: егіздер..

Димаштың тегі қандай? Құдайберген əлде Құдайбергенгов?

Құдайберген.

Неліктен Димаштың жəне ата-анасының тегі əр түрлі?

Қазақтың салтына сәйкес тұңғыш бала ата-ананың ата-анасынікі, яғни ата-əжесінікі. Атасының тегі Құдайберген, сондықтан Димаштың тегі атасының атында.

Неліктен Димаш əжесін анам дейді?

Димаш 10 жасына дейін ата-əжесінің тәрбиесінде болған. Сондықтан ол оларды ана-əке деп айтады.

Мен қалайша іс шараларға қатыса аламын? Əуе жайдан күтіп алу? Сыйлық сыйлау?

Егер сіздің Фан-группаның мүшесі болғыңыз келмесе, бірақ іс шараларға қатысқыңыз келсе, жаңалықтарыды сайттан немесе əлеуметтік желілерден бақылап жүріңіз. Бізге қосымша қатысушыларды керек кезде, біз айтамыз. Егер сіздің Димашқа сыйлығыңызды Dimash&Dostar арқылы бергіңіз келсе, администрацияға хабарласыңыз. Біз сіздің өтінішіңізді орындаймыз деп кепіл бере алмаймыз.

Қалайша сіздермен бірге Димаштың табынушылар мен кездесуіне қатыса аламын?

Кездесу түріне байланысты : егер кездесу ащық болса, онда сіздің кездесуге билет ала аласыз. Жабық болса : шақыру билеті арқылы ғана. Шақыру билетін ерекше қонақтар мен Фан-группаның мүшелері ала алады. Болатын кездесулер алдын ала жарияланады..

Қандай тілде жаза аламын?

Парақшада жəне əлеуметтік желілерде пікіріңізді кез келген тілде. Бірақ барлық постар алынған контентте жазылған тілде, өзіміздің мақалаларды негізгі үш тілде жариялаймыз (қазақ, орыс, ағылшын).

Неліктен менің хабарламам əлеуметтік желіден өшірілді?

Егер сіздің хабарламаңыз тобымыздың тақырыбына сай келмесе, балағат болса, анық емес жаңалықтар көрсетілген мақалалар мен сілтемелер болса. Флуд болса: ең бастысы группаның заңдарын бұзса (заңдарға сілтеме) ол өшірілетін болады.