Димаш Құдайберген

Димаш Құдайберген - 1994 жылы 24 мамырда Қазақстанда Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Оның ата-анасы-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, Светлана және Қанат Құдайбергенұлы Айтбаевтар. Осындай ата-анасы бар баланың жастайынан музыкамен айналысқаны таңқаларлық емес.

Димаш екі жасында жергілікті театр қойылымында кішігірім эпизодтық рөлді ойнап, алғаш рет сахнада бой көрсетті. Бес жасында ол балаларға арналған музыкалық студияның түлегі атанып, фортепиано және вокалдан сабақ алды. Алты жасында дарынды бала "фортепиано" санатында керемет өнер көрсеткені үшін, "Айналайын" ұлттық байқауының лауреаты атанды, ал төрт жыл өткен соң, ол он жасында түрлі облыстық іс-шараларда жүргізуші болды.

Ол өзінің алғашқы жүлдесін 2010 ж. "Байқоңырдың сыңғырлаған дауысы" атты халықаралық фестивалінде жақсы өнер көрсетіп алды.

2012 ж. Димаш "Жас Қанат" ұлттық жас әншілер байқауында Гран-При иегері атанды. Дәл сол жылы, "Шығыс базары" телевизиялық байқауда да алғашқы жүлдесін алып, бір жылдан соң "Мейкін Азия" халықаралық байқауында жеңіске жетті.

2014 ж. Димаш өзінің туған жері Ақтөбе қаласында, Жұбанов атындағы музыкалық колледжді тәмамдады. Әлбетте, жоғарғы оқу білімін музыкамен ұштастырамын деп шешкен ол, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің "Эстрада өнері" факультетіне тапсырды.

2015 ж. Белоруссияның Витебск қаласында ұйымдастырылған "Славян базары" фестивалі, Димаштың өнер мансабында ойып тұрып орын алатыны сөзсіз. Бұл байқауда көрсеткен өнері соншалық таңдай қақтырарлық болды, тіпті дарынды Қазақ баласының бір сәтте барлық посткеңестік уақытында, оны білетін және сүйетін орындаушыға айналды.
Байқаудың 1-ші кезеңінде "Дайдидау" әнін орындап, үздіктердің қатарына қосылды. 2-ші кезеңде Димаш, атақты Константин Меладзенің сөзіне жазылған "Опять Метель" әнін айтып, одан әрі сахнаны көркейте түсті. Ал 3-ші кезеңде, ол Даниэль Балавуан мен Грегори Лемаршаль сияқты атақты француз әншілері орындаған, "Стармания" рок-операсынан алынған, "S.O.S dun terrien en detresse...." шығармасын орындады. Нәтижесінде, 175 ұпай жинап (180 ұпай максималды) Димаш "Славян базары"-ның ең лайықты жүлдесі - Бас жүлдені иеленді. Сол жылы оған Стамбулда өткізілген, "ABU TV song" халықаралық телевизиялық фестивалінде, туған елі Қазақстанның атынан шығу мәртебесі бұйырды.

2016 ж. Қазақстан Республикасының Елбасы, өнер саласында Ұлт көшбасшысы-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас әншіге мемлекеттік шәкіртақы тарсырды.

2017 ж. басында Димаш, Қытайдың Чанша қаласында өтетін "I am a singer" жобасының 5-ші маусымында қатысқан болатын. Аталмыш музыкалық жоба, 2013 жылдан бері өткізіліп, ең үздік әншіні таңдаумен аяқталады. "I am a singer", корей реалити-шоуының, қытайлық нұсқасы болып келеді, және 14 кезеңнен тұрады. Жобаға жеті танымал әнші-үміткер қатысады, олардың әрқайсысы музыка әлемінде өз орнын тапқан, көптеген премиялардың иегері болып келеді. Әр апта сайын 500 көрерменнің дауысынан кейін бір үміткер шығып қалады. Келесі аптада конкурс тағы бір жаңа қатысушымен толығып отырады.

"I am a singer", Қытайдағы ең жоғары рейтингті реалити-шоу, бұл жобаны Канада, Малайзия, Сингапур мен Тайланд, және Еуропа елдерінде көрсетеді. Жобаның 5-ші маусымы, қытайлық ең танымал телеарналардың бірі  - Hunan TV-дан көрсетілді.

Жобада Қазақстандық Димаш Құдайбергеннен басқа, Қытай, Малайзия, Тайван, Оңтүстік Корея елдерінің қатысушылары бағын сынап көрген болатын. Байқаудың тариxында, Димаш Құдайберген ең жас орындаушы болып қалғаны бар. Байқаудың 1-ші кезеңінде , Димаш "S.O.S d'un terrien en detresse" атты француз әнін ерекше орындап, күллі әлемді дүр сілкіндірді.

Танымал француз әншісі Даниель Балавуанның әпкесі де, Димаштың орындауындағы "S.O.S d'un terrien en detresse" әніне оң бағасын беріп, С8 телеканалының эфирінде өз ойымен бөлісті:

"О, жаратқан! Оның табиғи таланты бар, әнді Даниель сияқты, жан-тәнімен беріліп айтады екен. Әрине, әншінің орындауы бөлек, тариxы да басқа, дегенмен өте әсерлі орындау. Музыкалық орындауы, өзіне тән даралығы, әнге берілуі ұқсайды. Жас болсада, ересек адамның орындауы. Ерекше дарынды жігіт. Француз тілінде ән орындауын көргеніме, өзімді бақытты санаймын".

Байқау барысында Димаш бірнеше рет қытай тілінде де ән айтып, қытайлық көрермендер мен сыншыларын өз өнерімен жаулап алды.

Жетінші турда "Дайдидау" әнін орындау алдында, "Адай" күйін домбырамен тартып берді. Қазақ өнерінің даңқын асырып миллиардтаған көрерменнің алдына паш ету - Димаштың аңсаған армандарының бірі еді.

Алтыншы турда әйгілі Лара Фабианның "Adagio" әнін орындағанда, көрермендердің көзінен жас көргеніміз бар. Бұл жайлы Лара өзінің инстаграм парақшасында: "Adagio" континенттерді аралауда... "I am a singer" телевизиялық байқауында өнер көрсетіп жүрген Димаш Құдайбергенді құттықтаймын", деп Димашты осы турдағы жеңісімен құттықтаған болатын.

Финалдық турда Димаш танымал қытай әншісі Шан Венжемен дуэт құрап айтты.

13 кезең бойы, Димаш байқаудың ТОР кестесіне де еніп, байқауда 5-ші орында да болып көрді, бірақ рейтинг бойынша көшбасшы үштіктен түспей келді.

Димаш байқауға қатысу барысында сансыз жанкүйерлердің ықыласына ие болды.

Димаштың, қазақ тілі мен қытай тілінде айтылған "Ұмытылмас күн" әні, қытайдың ТОР музыкалық чартына енді. Айта кететін жәйт - бұл өлеңнің әнін Димаштың өзі жазған екен.

"Азияның ең танымал әншісі" номинациясы бойынша Димаш марапатқа ие болды. Ал "China Top music Awards" премиясын қытайлық Грэмми деп атайды. Ол қытай музыкалық қоғамдастығында ерекше маңызды жәйт болып есептеледі.

Димаштың орындауындағы "Battle of memories" филмінің саундтрегі шыққан күні-ақ, Қытайдың Top iTunes QQ әндерінің үздігі болды. Бес сағат көлемінде Димаштың қытай тілінде орындаған әнін ақылы түрде 15,5 мың адам жүктеп үлгеріпті.

Сонымен қатар, Димаш голливудтық "Power Rangers" филміне саундтрегін жазды. Бұл Lionsgate, көркем филмінің дистрибьюторымен ең алғашқы үлкен жұмысы.

"I am a singer" жобасында екінші орынды иеленсе де, Димаштың есімі дүниежүзіне әйгілі болды. Оның жанкүйерлер қатарына тіпті, Джеки Чанның өзі де кіреді.

Димаш жайлы Лара Фабиан мен танымал шетелдік режиссёрлер де білетін болды.

Инстаграм парақшасындағы жазылушылар саны миллионға жуық. Димаштың Қытайдағы көрсетілімдері YouTube - тан сансыз рет каралады.

Әндерін тек ана тілінде орындап қоймай, орыс, ағылшын, француз, итальяндық тілдерде де айта алады.