Блог

Димаш Достар Славян базары-2017-де

18/07/2017

Минскіде тұратын Оксана бізге өзінің Славян базарынан кейін алған әсерін жеткізіпті, соны жариялаймыз:

"Бүгін Димашпен  кездескеннен  кейін мен өзім үшін өте маңызды бір нәрсені түсіндім...

Бірақ, ең алдымен, тағдырым мені өте тамаша адамдарға жолықтырғанын айтқым келеді. Мен Мәдинамен де, Сәулемен де, Венерамен де таныстым. Қысқа уақыттың ішінде олар мен үшін туғанымдай, жақынымдай болып кетті... 

Оның үстіне, Димаштың әкесі Қанатпен, Алпамыспен және ДИМАШПЕН таныстым!! Олардың барлығы да аса жылы, қайырымды, біз сияқты жанкүйерлерді түсіне де қабылдай алатын жандар. 

Димашты магнит дерсің!
Ол өзінің ерекше энергетикасымен адамды тартып алады екен!
Сыртқы келбеті нәзік болғанымен, ішкі болмысының  мықтылығына таң қаласың!!! Оны тыңдай бергің келеді, тыңдай бергің келеді!!! Оның әндерін ғана емес,  жай ғана айтқан сөздерін, әңгімесін ести бергің келеді. 

Сөз жоқ, менің басты қалауым оның жанды дауыста ән салғанын көру болды. Славян базары 2017-де Димаш Адажионы орындады. Бұл бір құдіретті , таңғажайып әрі әсерлі орындау  болды. 

Біз, Димаштың Достары, оны бар жан  жүрегімізбен  қолдап отырдық. Ал енді, мені бәрінен күшті таң қалдырған не дейсіздер ғой? Мен оның бізге жауап қатқанын, кері байланыс орнатқанын көріп, сездім. 

Бұдан асқан бақыт бар ма?"