Блог

Концерт "BASTAU"

Алғы сөз

Егер де əлемнің кез-келген тілінде масаттануды, бақытты, махаббатты сипаттай алатын сөздер бар болса, барлық синонимдер және сын есімді сөздер -  Димаштың жеке əн кеші  «Бастау» -дан кейінгі сезімдерді жеткізуге  қолданылар еді.

Ең алғашқы үлкен масштабтағы "Бастау" атты жеке концертке дайындық Димаш және оның командасында ғана емес,  бізде де, яғни  Димаш & Достар фан-тобында да бірнеше айлар бойы жүргізілді. Біз өз кумирімізді лайықты түрде қолдауды жөн көрдік!

Біз Димаш Құдайбергеннің  фан-топтарының арасында  алғаш рет өткізілетін   халықаралық деңгейдегі Pre-Party ұйымдастыру үшін жəне де концерт барысында Димашқа  біздің барынша қолдауымызды көрсету үшін əлемнің түкпір-түкпірінен және Қазақстанның əртүрлі қалаларынан жұмыла ұйымдастық.

Концерт үшін қажетті атрибутиканы ұйымдастыруды біз жүзеге асырдық. Кейін анықталғандай, "Димаш" деген жазуы бар  баннерлерді жəне табличкаларды  Қазақстанда өндірілмейтінін білдік,  бірақ біз қажетті шығындарды өтей отыра Қытайға тапсырыс беру арқылы   Астанаға жеткізілу  жолдарын қарастырдық.
Ал, жарық беруші таяқшалар үшін қаражат жинауға басқа да фан-топтар бізбен бірлесіп, атсалысты.  (@dimash_eurasiandears, @dimash_kazakhstan), біз бұл таяқшалардың Қытайдан жеткізілуін де қамтамасыз еттік.

Фан-зонаны ұйымдастыруды жəне Димаштың грим жасайтын бөлмесін əрлеу сияқты жауапты жұмыстарды  бізге сеніп тапсырғаны үшін концерт ұйымдастырушыларына рахмет айтамыз! 

Бізді шын жүректен күтіп алып жəне біздің бастамамызға шынайы күш-қолдау көрсеткендері үшін Димаштың отбасы мен жақын достарына - Қанат жəне Света Айтбаевтарға, Алпамыс, Айсұлтан, Ерланға - ерекше алғысымызды білдіреміз!

Концерт «Бастау»

Бұл концертте болған кез-келген жан бұл кешті ешқашан ұмытпайды.  Бұл- Димаштың таң қаларлық дəрежедегі сахнаға шығуы еді !!! Оның əсем дауысы, əуені, актерлық шеберлігі, барлығы,  тыңдармандарға бақытты болып шаттану сезімін сыйлады.

Сондай-ақ, біз жоғары деңгейдегі  Димаштың  хореографиясын алғаш рет көрдік. Біз уақыт пен кеңістікте жоғалып кеттік, себебі біз уақыт пен кеңістік деген түсініктің орнында оның  ғаламат дауысы мен əуені ғана бар  Димаш Құдайбергеннің  ғажайып елінде  болдық. Бұл шынайы бақыт пен шаттық еді, Димаш екі сағаттан астам əн айтқаныменен,  біз үшін бұл тамаша бақыт бір сəтте өтіп кеткендей болды.

АҚШ, Германия, Ресей, Украина, Финляндия, Жапония, Гонконг, Қытай сынды əр түрлі мемлекеттерден жəне де Димаштың отандастары- қазақстандық жанкүйерлер бір жанұядай ұйымшылдықпен Димашқа қосылып əн шырқап , би билеп жатты, себебі оның əнін бір орында тапжылмай  отырып тыңдау мүмкін емес.

Біз «Бастау» концертінен алған өз әсерлерлерімізді  қанша жазсақ та, ол жазғанымыз  Димаштың жанды дауысын естігендегі сезіміміздің бір кішкентай ғана бөлшегі болып қала бермек. Осы концертке қатысқан жандар біздің сезімімізді толық түсіне алады!

Концерттен соң біз, яғни "Dimash&Dostar" фан-тобы жəне өзге елдерден келген жанкүйерлер біраз уақытқа дейін тарқай алмай, "Астана Арена" жанындағы көшеде тұрып концерттен алған əсерімізді бөлісіп, естелік суреттерге түстік. Əр түрлі тілде айтылып жатқан тамсанған сөздер естіліп тұрды.  Димаш Құдайбергенмен тағы да  кездесу бұйырсын  деген тілекпен таң алдында ғана тарқастық. Бұл бір-бірімізге тілеген тілектің ең жақсысы еді.

«Бастау» концертінде фанқолдаушылықты ұйымдастыруға ат салысқандардың барлығына шексіз  алғысымызды білдіреміз!!!

 -@dimash_eurasiandears
- @dimash_kazakhstan
- @dimashusafanclub