• The World Dimash Fan Groups PreParty

    26 маусым 2017 ж.

    Бұл кеш Димаш тыңдармандарына бір-бірімен жақын араласып, танысуға, өз хикаяларын айтып, бірлікті сезінуге мүмкіншілік берді.

    More

    #Bastau

    Концерт

    #Bastau - атты менің жеке ән кешіме сіздерді шақырамын! EXPO-2017 xалықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылатын Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 27 маусым 20:00-де "Астана аренада" өтетін Live Show Сіздерге арналады! Бастауымның куәсі болуға шақырамын! 

    More

    «Балаларға өмір сыйла»

    мерзімсіз қайырымдылық SMS-науқаны

    Жобаның мақсаты: Қазақстанда емделмейтін сырқат балаларға, шетелдегі клиникаларда ота жасау мен емделуге қаражат жинау. Өкінішке орай, емделмейтін сырқат балалардың саны біздің мемлекетте, әлі күнге дейін көп. Бірақ, қуанышқа орай, беруші қол тайяздамайды.

    More

    Fourth heading

    Fourth subheading

    A small river named Duden flows by their place and supplies it with the necessary regelialia. It is a paradisematic country, in which roasted parts of sentences fly into your mouth.

    More

Қош келдіңіздер!

Димаш Құдайберген - бірегей ерекше қабілетімен қатар әлем аренасында Қазақстан беделін қалыптастыруға зор үлесін қосқан əнші. Димаштың себебімен оның талантына тəнті болған түрлі ел өкілдері қазақ тіліне деген қызығушылығы артып, Қазақстан мəдениетін тереңінен зерттеп, тіпті қазақтың ұлттық аспабы - домбырада ойнауды үйрене бастады. Димаш өскелең ұрпақ үшін керемет үлгі болды.

Дарынды орындаушылығымен қатар, адамгершілік қасиеттері биік тұратын тұлғаны қолдау мақсатымен "DIMASH DOSTAR" фан-тобы құрылды. Біздің фан-тобымызда Димаштың дарынын, шығармашылығын және оның шетелдегі Қазақстан мәдениетінің абыройы мен беделінің асқақтауына қосып жүрген үлесін қолдаушылар, Қазақстанның жəне ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен мамандығы жəне жас шамасы əртүрлі риясыз белсенді жанкүйерлері жиналған.

Біз ең батыл идеяларымызды ой елегінен өткізіп жүзеге асыру мақсатында бірігіп отырмыз.
Біз Димаштың шығармашылығына қолдау көрсете отырып, түрлі флешмобтар мен акцияларды өткіземіз жəне әртүрлі мемлекеттердің жанкүйерлері арасындағы байланысты нығайту мақсатында Димаштың атынан қайырымдылық іс-шараларын жасап тұрамыз. Және де бұл сайтта сіз Димаштың өміріндегі ең маңызды жəйттарды, өнер жолында бірге жүрген тұлғалар жайлы мақалаларды, біздің Димашпен кездескен кездесулеріміздің барысын оқи аласыздар.

Димаштың шығармашылығы туралы МЫНА жерде оқи аласыз.

Димаш Құдайбергенді шынайы жақсы көріп, оны құрмет тұтсаңыздар, қызықты идеяларыңыз болып және белсенді әрекет жасауға дайын болсаңыздар - онда біздің фан-тобымызға Қош келдіңіздер!